Сипаттамасы: «Мобильді көмек» Сізге жақын адамның телефонында ақшасы таусылып қалғанда өз теңгеріміңіздің бір бөлігін аударуға мүмкіндік береді.

  • Ақшалай қаражатты ALTEL GSM абоненттері арасында ауыстырылады;
  • Бір реттік аударудың ең аз сомасы – 100 теңге; Аударғаннан кейін теңгерімде 100 теңгеден кем емес сома қалу тиіс;
  • Бір реттік аударудың ең көп сомасы – 2 000 теңге;
  • Өз теңгерімінен басқа абоненттің абоненттің теңгеріміне қаражатты тәулігіне 5 рет аударуға болады және жалпы сомасы 4000 теңгеден аспау тиіс;
  • Аудару құны – ҚҚС (НДС)  есебімен 25 теңге

Аудару жолы: 
Қаражатты аудару үшін *145* пәрменін теру қажет {шотын толтырғыңыз келген «+7» және «8»-сіз абонент телефонының нөмірі} * {аудару сомасы} # 
Мысалы: *145*7081234567*1000#
Сіз өз телефоныңыздан қаражатты аудару мүмкіндігін сөндіру үшін *145*1# пәрменін теру қажет.

МАҢЫЗДЫ!
 «Мобильді көмек» қызметін қайта қосу абоненттің өзі «АЛТЕЛ» АҚ СжҚКО-ға келгенде жүзеге асырылады. Өзімен бірге жеке куәлігі болу тиіс.

Добавить комментарий